Күдіктілердің бірі бұрын да сотты болған.
«Полиция қызметкерлері арнайы жасақтың сарбаздарымен бірге 1988 және 1999 жылы туған үш ер адамды ұстады. Олар - Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары. Ұсталған азаматтар бірнеше қымбат көліктің айнасын ұрлады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде ұсталған адамдардың осыған ұқсас бес ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Алмалы ауданында 4 жағдай, тағы бір жағдай Медеу ауданында тіркелген. Айыпталушылар қаланың барлық жерінде ұрлық жасаған болуы мүмкін. Анықтау жұмыстары жалғасуда», – деді Владимир Решетников.
Спикер сондай-ақ, ұрланған автокөлік айналарын сату жолын анықтау бойынша жедел шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Айта кететін бір жайт, күдіктілердің бірі бұрын (біреудің мүлкін ұрлау) сотты болған. Бұл топтың қанша уақыттан бері әрекет еткені ары қарай зерттеледі.