Алматыда Наурыз бен мерекелік корпоративтерге тыйым салынды

0
2 382

Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.


Алматыда Наурыз бен мерекелік корпоративтерге тыйым салынды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шықты, деп жазады zakon.kz.

Шектеу шараларына сәйкес:

Топтық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлар, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу сақталады;

"Наурыз" және басқа да мерекелік корпоративтерді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;

Боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады.

Қоғамдық көлікке, таксиге, метроға, әуежайларға, т/ж және авто - вокзалдарға, аула балалар алаңдарына, азық - түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі;

Оффлайн режимде жиналыстар (кеңестер) өткізуге тыйым салынады;

Коронавирустың жеңіл немесе орташа және симптомсыз түрімен ауыратын науқастардың үй карантинін сақтау мүмкіндіктері болмаса, ауруханаға жатқызылады.

Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.