Алматыда таксистерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

0
636

Қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда.


Алматыда таксистерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ERNUR.KZ. Соңғы жылдары Алматы тұрғындары такси тасымалы сапасының төмендеп кеткеніне жиі шағымдана бастады: таксидің құны қымбаттап, чек берілмей, жүргізушілердің дөрекілігіне байланысты көптеген даулар туындауда, деп жазады Zakon.kz.

Такси қызметінің сапасын арттыру мақсатында, сондай-ақ ашықтық пен саладағы көлеңкелі ақша айналымымен күресу үшін қала әкімдігі такси нарығын ұйымдастыру мәселесін қайта қарастыруда.

Соған байланысты ресми тіркелген таксопарктердің заң талаптарына сай келетін такси көліктеріне (таксометрі, кассалық аппараты, арнайы белгілері, такси брендингі, салон ішінде ақпараттық таблосы бар) автобус жолағымен жүруге рұқсат беру жоспарлануда.

Одан күтілетін нәтиже – такси қызметінің сапасы көтеріліп, таксопарктердің табысы ашық болады, сондай-ақ ресми таксимотор тасымалын дамытуға серпін беріледі.