Алматыда жасанды шаш пен мұрт қойып көлік ұрлағандар ұсталды

0
446

Енді 66, 51 және 39 жастағы үш адам заң алдында жауап береді.


Алматыда жасанды шаш пен мұрт қойып көлік ұрлағандар ұсталды

ERNUR.KZ. Олар 13 мамыр күні Медеу ауданындағы ауланың бірінен «Лексус» көлігін ұрлап кеткен, деп жазады 24.kz.

Күдіктілер техникалық құрылғы көмегімен машинаның пультіндегі сигналды оқып, байқатпай есігін ашып алған. Содан соң лезде ізін суытқан. Қаскөйлер бірнеше күн бойы оңтайлы сәтті күткен дейді сақшылар.

Арнайы топ ұрыларды қолға түсіріп, Алматы облысы Талғар ауданы Бесқайнар ауылында жасырулы тұрған қымбат көлікті иесіне қайтарып берді. Енді 66, 51 және 39 жастағы үш адам заң алдында жауап береді.

"Бірінші факт емес. Басқа да фактілер ұйымдастырамыз деп арнайы қаражатқа интернет арқылы заттар алынған. Мұның ішінде телефондар, қолшатыр бар. Үшеуі де бұрын сотталған. Қазір арнайы топ құрылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Осы азаматтардың басқа да қылмысқа қатысы барын тексеріп жатырмыз", - дейді қалалық Полиция департаментінің басшысы, Қанат Таймерденов.