ArtSport платформасында ваучерлер саны қысқартылды – Бас прокуратура

0
601

Бұған дейін Бас прокуратура бюджеттен 1,1 миллиард теңге жымқырылғанын анықтаған еді.


ArtSport платформасында ваучерлер саны қысқартылды – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокуратура мемлекет қаржысын шығындауға қатысты даудан кейін ArtSport платформасында ваучерлер санының қысқартылғанын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін Бас прокуратура бюджеттен 1,1 миллиард теңге жымқырылғанын анықтаған еді.

"Бағдарлама шарттарына өзгерістер енгізілді, ваучерлер саны 1-ге дейін қысқартылды (бұрын 2 балаға дейін жазуға болатын), санитарлық талаптар күшейтілді, төменгі жас шегі өзгерді (мысалы, бұрын еркін күрүске 5 жастан бастап қатысса, енді 10 жастан бастап қатыса алады)", – делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар еліміздің аймақтарында балаларды оқытумен арнайы білімі жоқ және бұрын істі болған азаматтар да шұғылданған.