Әскери теңізшілер Каспийде жаттығу өткізді

0
1 536

Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанның әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.


Әскери теңізшілер Каспийде жаттығу өткізді

ERNUR.KZ. «Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа» және «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемелер құрамының әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясы бойынша жиын-жорық өткізді, деп жазады baq.kz.

Экипаждар әскери кемелер мақсатына сәйкес тапсырмаларды орындайтын жүзу аймағын зерттеді. Теңізшілер жауынгерлік оқу-жаттығуларды пысықтады. Сонымен қатар, әуе және су үсті нысаналарына оқ жаудыру жаттығуын өткізді.

Мұндай жорықтар жеке құрамға тәжірибелік және теориялық дағдыларды игеруге, кемелер экипаждарының теңіз машығы деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті жиын-жорықтың жетекшісі, Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.
Оның айтуынша, кемелер экипаждары қойылған міндеттерді толық көлемде орындады. Науқан алдында кемелерді мұқият тексеріліп дайындалған. Бұған дейін Қазақстан ӘТК кемелері ағымдағы жылдың маусым айында жиын-жорыққа шыққан болатын.Жалпы биылғы оқу жылында, қаңтар айынан бастап қыркүйек айына дейін Қазақстанның әскери-теңіз күштері теңізге 27 рет шығып, 6200-ден астам теңіз милін жүріп өтті.