Полиция формасын киген ер адам қыздың пәтерінің есігін қағып, өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырған.
Фото: Polisia.kz.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Бурабай аудандық полиция бөлімінің оперативтік қызметкері 21 жастағы қызды пәтерінде зорлады деген ақпарат тарады, деп жазады stan.kz.
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, полиция формасын киген ер адам қыздың пәтерінің есігін қағып, өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Ол қызға жеке куәлігін көрсетіп, оған бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан соң қайтып келіп, телефонын әріптесі алып кеткенін айтқан. Сөйтіп жәбірленушінің телефонын сұраған. Сол кезде ол қызға тап беріп, өз пәтерінде зорлаған.
Астана қаласының полиция департаментіпікір білдірді. Ведомсвто күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.
“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті – бұрынғы полиция қызметкері. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды”, – деді полиция.