Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Атырау облысында тас жолда екі автокөліктің ірі жол-көлік оқиғасы орын алып 4 адам көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
17 маусым күні республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысты.
"Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігін өрт алып, 1992 жылы туған көлік жүргізушісі мен 2001 жылы туған жолаушысы, сондай-ақ, Toyota Camry автокөлігінің 1972 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1971 жылы туған Toyota Camry көлік жүргізушісі алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қаза тапқан", - делінген хабарламада.
Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді.