Атырауда өз отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауға алынды

0
393

Жанжал шығарғыш 334 адамға ерекше талап қойылған.


Атырауда өз отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауға алынды

ERNUR.KZ. Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.

Жыл басынан бері Атырауда отбасындағы жанжалды айтып, полициядан 4 мыңнан астам адам көмек сұраған.
"Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша "102" арнасына 4 097 хабарлама келіп түскен. ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" бойынша 1 198 адам жауапкершілікке тартылды. Қорғау нұсқамасы 1365 құқық бұзушыға шығарылды", - дейді ведомство.
Жанжал шығарғыш 334 адамға ерекше талап қойылған.
"ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта отбасының шырқын бұзған 34 адам қамауда отыр", - дейді полиция.