Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

0
845

Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты.


Ауласында есірткі өсірген атыраулық қолға түсті

ERNUR.KZ. Атырау полицейлері Еркінқала селосы тұрғынының ауласынан өсіп тұрған 1898 түп есірткі шөптерін тапты, деп жазады Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” алдын-алу шарасы барысында, қала шетінде орналасқан Еркінқала селосы тұрғынының үйінің ауласынан заңсыз өсірген 1898 түп қара сора тауып, тәркіледі. Тексеру барысында, полицейлермен осы мекен-жайдан бұдан басқа кептірілген сора табылып, алынды.

Сараптама қорытындысымен кепкен сораның салмағы 1 килограмм 25 грамм болып шықты. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296-баптары (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және (Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша жүргізілуде.