Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті.
ERNUR.KZ. Әулиекөл ауданында ер адамның өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әулиекөл ауданы Лесное ауылының 44 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен бұрын сотталған жергілікті тұрғын – 27 жастағы ер адам ұсталды.
Полицияға 2022 жылдың 27 шілдесінде Лесное ауылының тұрғынынан ұлының хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түсті.
Тәртіп сақшылары 44 жастағы ер адамның денесін Лесное ауылынан 6 шақырым жердегі жырадан тапты. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.