Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

0
733

Бағдат Манзоров 2019 жылдың шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, кәсіпкерлік және туризм салаларын қадағалады.


Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен жұмысынан кетті. Өңір басшысы Амандық Баталов орынбасарын аппарат жиынында жылы пікірмен шығарып салды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс әкімі Амандық Баталов Бағдат Манзоровтың жұмыс істеген уақытында өз ісінің кәсіби шебері екенін дәлелдеп, тәжірбиелі жетекші екенін көрсете білгенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіруге күш салып, өңірді газдандыруда, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі еңбегін ескеріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде экс-орынбасар жеті айда біраз іс атқарылғанын айтып, әріптестеріне алғыс білдірді. Алғашқы іссапарын облыс басшысымен Арыс қаласынан бастап, шаһарды қалпына келтіруде жауапты жүктемелерді сәтті орындап шыққанын жеткізді.

Еске салсақ, Бағдат Манзоров 2019 жылдың шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, кәсіпкерлік және туризм салаларын қадағалады.