Балаларды ұрып, сағаттап отырғызып қоятындардың әрекеті әшкереленді (видео)

0
886

Балаларға қол жұмсаған тәрбиешілер ата-аналардың ашуын туғызды.


Балаларды ұрып, сағаттап отырғызып қоятындардың әрекеті әшкереленді (видео)

ERNUR.KZ. Ақтауда балабақшалардың бірінің бақылау камерасы түсірген видео жарияланды. Ақтаудағы №55 балабақшаның тәрбиешісі мен күтушісі балаларға ойнауға тыйым салып, орындықта сағаттап отыруға мәжбүрлеген, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Біз екі сағаттық видео көрдік, осы уақыттың бәрінде олар орындықта отырды, ал қызметкерлер ұялы телефонына үңілумен болды, тіпті үстел басында ұйықтап та алды. Балаларға бір-бірімен ойнауға да рұқсат бермеді. Егер бала орнынан тұрса, басынан, қолынан ұрып, құлағынан тартқан", – деп шағымданды ата-аналар.

Осы сәттің барлығы видеоға жазылған.


Балабақшаның директоры қазір еңбек демалысында. Оқиға жарияланғаннан кейін қалалық білім беру бөлімінде арнайы комиссия құрылды.

"Қазір барлығын егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз. Әрбір видео тексеріледі. Ол топтың қызметкерлері жұмыстан босатылды. Тексереміз", - деп түсіндірді Ақтау білім бөлімі.

Бұдан бұрын Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірінде болған оқиға желіде қызу талқыланған еді. Тәрбиеші әліпбиді үйреніп жатқан қыздың басынан ұрған сәті видеоға түсіп қалған.

Ол кезде мектепке дейінгі мекеменің басшылығы педагогты жұмыстан шығаруға шешім қабылдады.