Бас прокуратура жол салу кезінде миллиардтаған теңгенің жымқырылғанын анықтады

0
473

8 жобалық сметалық құжат әзірлеуге бағытталған 600 млн теңге қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталған.


Бас прокуратура жол салу кезінде миллиардтаған теңгенің жымқырылғанын анықтады

ERNUR.KZ. Бас прокуратура "ҚазАвтоЖол" автомобиль жолдары комитетінде және жергілікті әкімдіктерде тексеру жүргізді, деп жазады sputnik.kz.

"Ведомство миллиардтаған соманың кемшіліктерін анықтады. Жол құрылысы барысында 43,4 млрд теңге ұрланып, "ҚазГерСтрой" ЖШС қалтасына салып алған", - делінген бас прокуратураның хабарламасында.
8 жобалық сметалық құжат әзірлеуге бағытталған 600 млн теңге қаражатты тиімсіз пайдалану фактілері анықталған. Сондай-ақ орта және ағымдағы жөндеу кезінде шенеуніктер бес объекті бойынша жобалау-сметалық құжаттардың құнын 2 млрд теңгеден астам сомаға асырып жібергені анықталды. Бюджеттік ақшаны ұрлау үшін мердігер ұйымдар құрылыс материалдары бойынша 70 жалған сертификатты пайдаланған, ал он жағдайда стандарттарға сәйкес келмейтін материалдарді іске асырған.
Тексеру барысында шенеуніктер мердігерлердің орындалмаған шарттық міндеттемелеріне де көз жұмғаны анықталды. Нәтижесінде жауапсыз мердігерлердің шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін өтелмеген дебиторлық берешегі 6,8 млрд теңге болған, ал тұрақсыздық айыбы 636 млн теңгені құрайды.
Ақы алу жүйесін енгізу жөніндегі инвестициялық жобада да олқылықтар бар. Олар жеткізуші - "Computer vision Technologies" ЖШС қызметтерінің бағасын үш есе көп етіп көрсетіп, нәтижесінде 138,8 млрд теңгені құрағанын. Қазіргі уақытта қаражатты иемдену мен ысырап етудің, сондай-ақ лауазымдық өкілеттікті теріс пайдаланудың барлық фактілері бойынша 23 қылмыстық іс қозғалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен финмониторинг агенттігі одан әрі тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кететйік, келтірілген барлық залал 45 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ "прокурорлар 24 млрд теңгеге бюджет шығындарының алдын алды (жөндеуді қажет етпейтін жұмыс көлемі алынып тасталды, сметадағы шығыстар қайта қаралды және т.б.) және 17,3 млрд теңгеге заңсыз тендерлердің қорытындылары жойылды.