Бизнестің жол картасы аясында 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылды

0
584

Оның ішінде 2018 жылы 173 млрд теңгенің 1403 жобасы, 2019 жылы 154 млрд теңгенің 2402 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған.


Бизнестің жол картасы аясында 2,8 трлн теңгенің жобасы қаржыландырылды

ERNUR.KZ. Соңғы он жылда елімізде "Бизнестің жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,8 трлн теңгенің 16 мыңнан астам жобасы қаржыландырылды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасы Рустам Қарағошин мәлім етті, деп жазады baq.kz.

Оның ішінде 2018 жылы 173 млрд теңгенің 1403 жобасы, 2019 жылы 154 млрд теңгенің 2402 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болған. Рустам Қарағошиннің айтуынша, жыл сайын бағдарлама аясында бизнесті дамытуға арналған қаржы көлемі ұлғайып келеді.
Әсіресе қайта өңдеу саласындағы жобалардың саны арты келе жатқаны көңіл қуантады. Көрсеткіш бойынша жобалардың басым бөлігін солар құрап, 1,2 трлн теңгенің 4444 жобасы қаржыландырылған. Сондай-ақ, көлік және қызмет көрсету саласын қолдау бойынша 413 млн теңгенің 3629 жобасы қаржыландырылды, - деп атап өтті холдинг төрағасы.
Жобаларды ұсыну мен жеңілдіктерге ие болу бойынша Павлодар (1304 жоба) және Шығыс Қазақстан облыстары (1261 жоба) көш бастап тұр.
Холдинг төрағасы карантин кезінде зардап шеккен бизнес субъектілеріне бағдарлама аясында, сондай-ақ өзге де кешенді шаралар шеңберінде қолдау көрсетілетінін атап өтті.


Бағдарлама аясында бизнесті дамытуға мүмкіндік беріліп, жеңілдетілген несие мен субсидиялар қарастырылғанын атап өткен жөн.