БҚО-да жасөспірімнің мылтықтан жаралануының мән-жайы белгілі болды

0
549

Түркияда жасалған 12 калибрлі шолақ мылтық атқан жасөспірімнің ағасына тіркелген.


БҚО-да жасөспірімнің мылтықтан жаралануының мән-жайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Жігіт досымен бірге аулада көлік жуып жүріп, кабинадан қару тапқан. Оқиға салдарынан жәбірленушінің ішіне оқ тиген, деп жазады zakon.kz.

Оқиға Бөкейорда ауданы, Ханордасы ауылында болды.

Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің досы тапаншаны басып жіберген. Жігіттер аулада көлікті жуып, кабинадан қару тауып алған. Ыңғайсыз қимыл жасап, досының ішіне оқ тиіп кеткен.

Бала санитарлық авиациямен Оралға жеткізілді.

"Жасөспірім іштің алдыңғы қабырғасының тұсынан оқ жарақатын алған. Ішкі мүшелердің зақымдануы жоқ. Қазір оның жағдайы орташа ауыр, балаға қажетті ем жасалуда", - деді Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Болат Әлібаев.

Түркияда жасалған 12 калибрлі шолақ мылтық атқан жасөспірімнің ағасына тіркелген.

Іс жүзінде екі іс қозғалды – қылмыстық және әкімшілік, деп хабарлады полиция. Қару иесін 30 000 теңге айыппұл күтіп тұр.