Бүгін банктер жеңілдетілген автонесие бере бастайды

0
458

​Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге, өңірлердегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге бөлінеді.


Бүгін банктер жеңілдетілген автонесие бере бастайды

ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Қазақстан банктері жеңілдетілген автонесие бере бастайды, деп жазады inbusiness.kz.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге, өңірлердегі автобус паркін жаңартуға шамамен 30 млрд теңге бөлінеді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне сүйенсек, несие шарты төмендегіше:
- сыйақы мөлшерлемесі 4%;
- несие сомасы 10 млн теңгеден аспауы керек;
- қаржыландыру мерзімі жеті жылдан аспайды;
- бастапқы жарна 0%-дан бастап;
- көлік құны 15 млн теңгеден аспайды.

Несие беруді екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын болады.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ЕДБ-де түпкілікті қарыз алушыға қаржыландыруды ұсыну мерзімдерінің сақталуын бақылайтын автоматтандырылған жүйесі болуы шарт.

Сондай-ақ бір түпкілікті қарыз алушыны екі жылда бір реттен жиі емес қаржыландыру түріндегі шектеулер бар.

Лизинг алушылар үшін автобустарды сатып алу шарттары төмендегідей болады:
- сыйақы мөлшерлемесі 0,01%;
- лизинг мерзімі жеті жылға дейін
- бастапқы жарна 0% бастап;

Қаржыландырудың қалған шарттары Үкіметтің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 604 Қаулысымен қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама мемлекетке және(немесе) ұлттық басқарушы холдингтік компанияға тиесілі ұйым өндірушілерінің(импорттаушылардың) ұзартылған міндеттемелерін оператордың қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы қаулысымен айқындалған.

Жеңілдетілген автонесие түріндегі қолдаудан басқа, мемлекет жеңілдік сертификаттарының қолданылу мерзімі мәселелерін шешу шараларын пысықтауда. Бүгінгі таңда ӨКМ операторының функциялары “Жасыл даму” АҚ-на беруіне байланысты осыған дейін пайдалана алмаған жеңілдік сертификаттарын пайдалануға мүмкіндік беретін тетіктер зерделенуде. Бұл сертификаттарды пайдалану жүргізіліп жатқан тексеру әрекеттеріне байланысты уақытша тоқтатылды.