Бюджет қаражатын ескерткіш салуға көбірек жұмсайтын өңірлер анықталды

0
310

Өңірдің мәдениет басқармасы алты жылда барлығы 336,8 миллион теңгенің мемлекеттік келісімшарттарын жасасқан.


Бюджет қаражатын ескерткіш салуға көбірек жұмсайтын өңірлер анықталды

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Алматы Мәдениет басқармасы cоңғы алты жылда ең көп бюджет қаражатын ескерткіш жасауға жұмсаған, деп жазады stan.kz.

Өңірдің мәдениет басқармасы алты жылда барлығы 336,8 миллион теңгенің мемлекеттік келісімшарттарын жасасқан. Бұл ақшаға оңтүстік астанада Ататүрік, Ыбырай Алтынсарин және Роза Бағлановаға ескерткіштер орнатылып, Ермек Серкебаевтың ескерткішіне мердігерлерге тапсырыс берілген.

Былтыр құны 68,7 миллион теңге болатын Алтынсарин ескерткішінің төңірегінде жанжал шықты. "Әділдік жолы" қоғамдық қорының белсенділері мүсіннің техникалық шарттарға сәйкес келмейтінін анықтады. Олар ескерткіш пен тұғырдың биіктігін, қорытпаның құрамын талқылады. Нәтижесінде осы жазда сот мердігерге төленген соманы түгелдей қала үкіметіне қайтаруға міндеттеді.

2019 жылдан бері жасалған келісім-шарттар көлемі бойынша тапсырыс берушілер арасында екінші орында Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Бірнеше жыл бұрын қалада коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне құны 31,7 миллион теңге болатын мүсіндік композиция орнатылды. Сондай-ақ биыл олар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналған ескерткішті жасап шығуға келісімшартқа отырды. Оның құны 181,9 миллион теңге.

Ең жомарт мемлекеттік мекемелердің үштігін Астананың Біріккен мұражайлары дирекциясы түйіндейді. Екі мемлекеттік келісім-шарт құны шамамен 200 миллион теңге. Қыркүйек айының соңында елордада Мұхтар Әуезовтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Екіншісі, келісім-шартта арзанырақ бағамен көрсетілген. Ол – “Құлпытас” еркерткіші. Бірақ оның ашылғаны, тұсаукесері өткені я өтпегені белгісіз.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша ескерткіш жасаушылар арасында кім көш бастап тұр

Кейінгі жылдары ең көп бюджет қаражатын Айдос Бүркітбаев алған. Мүсіншінің 2023-2024 жылдары мемлекеттік сатып алу аясында 507 миллион теңгеге жуық лот ұтып алған өзімен аттас компаниясы бар. Ол Мұхтар Әуезовтің, Ататүріктің, Ермек Серкебаевтың, Бердібек Соқпақбаевтың ескерткіштерін, марқұм өрт сөндірушінің бюстін және Семей-Чернобыль мемориалын жасаған.

34 жастағы мүсінші жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, мемлекеттік сатып алуларға да қатысып жүр. Ол жасасқан келісім-шарттардың құны 117,5 миллион теңге. Ол 2023-2024 жылдары генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің құрметіне ескерткіш орнатқан. Сонымен қатар Астанада "Құлпытас" мүсінін жасауға бірнеше келісім-шарттар жасасқан.

Екінші орында, бюджеті 230 миллион теңге болатын "BauKen Construction" ЖШС. Компания Талдықорған қаласында "Желтоқсан желі ызғарлы" ескерткіші мен Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткішін орнатқан 37 жастағы Бауыржан Кененбайға тиесілі. Дегенмен ескерткіш өндірісіне байланысты Кененбайдың үстінен Қызылорда облысының мәдениет басқармасының басшысына пара (1 млн теңге) бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Алайда сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, 15 миллион теңге айыппұл салды.

Дегенмен ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алуларға әлі күнге дейін қатысады.

Ескерткіштерді салуға мемлекеттік тапсырыстарды жиі ұтатындардың үштігін “Қазақстан Көркем комбинаттары "ҚазАрт" ЖШС аяқтайды. Компания 52 жастағы Айман Қализатоваға тиесілі.

2019 жылдан 2022 жылға дейін компания 459 миллион теңгеге мемлекеттік келісім-шарттар жасаған.

"ҚазАрт" компаниясы Астанадағы Жұмабек Тәшенов, Жақсылық Үшкемпіров, Талғат Бигелдинов ескерткіштерін, Қарағандыдағы Нұркен Әбдіровке арналған ескерткішті салуға атсалысқан.

Бір қызығы, аты, тегі және әкесінің аты ұқсас адам осыдан он шақты жыл бұрын дәстүрлі медицинада жұмыс істеген көрінеді. Ашық деректерге сүйенсек, 2014 жылы Қализатова Денсаулық сақтау министрлігінен гирудотерапия саласындағы маман ретінде сертификат алған.