COVID-19: тестің бағасы қанша?

0
881

Коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттердегі мамандар тесті тегін тапсырады.


COVID-19: тестің бағасы қанша?

ERNUR.KZ. Елорданың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова COVID-19 вирусына қарсы тестің бағасын жария етті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Иә, ақылы тестер бар. Оны әуе қатынасын пайдаланатын азаматтар міндетті түрде тапсырады. Оның бағасы әртүрлі. Бірнеше зертхана бар. Олар бағаны өздері қояды. Құны 11 000 мен 20 000 теңгенің арасында", - деді Қисықова бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен күрес шараларына қатысып жатқан мамандар тесті тегін тапсырады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар мен блок-бекеттерде жұмыс істейтін мамандар бар. Бұдан бөлек, науқастармен жақын қарым-қатынаста болған азаматтарды да тестілеуден тегін өткізеді.
Айта кетейік, ертең, 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуе рейстері ашылады. Бұдан бөлек, осы екі қаладан Семей мен Өскеменге жолаушылар тасымалданады. Алайда бортқа отыру үшін COVID-19 вирусына тест тапсырып, тиісті анықтаманы алып келу керек.