COVID-19: Түркиядан келген жолаушылар 48 сағат ішінде тест тапсыруға міндетті

0
1 135

Жолаушылар ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі анықтамасымен шектеусіз жүре алады.


COVID-19: Түркиядан келген жолаушылар 48 сағат ішінде тест тапсыруға міндетті
ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова бекіткен нөмірі 37-қаулысында жазылған, деп хабарлайды «Хабар 24».Оған сәйкес, Қытай Халық Республикасы, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд елдерінен келген азаматтарға сауалнама және хабарлама беру шектеу шаралары қолданылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі анықтама болған жағдайда жолаушылар шектеусіз жүре алады. Ал аталған анықтама болмаса, шетелдік жолаушылар ұшып келген күнінен бастап 48 сағат ішінде COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуге міндеттеледі.