COVID-2019: тесті тегін тапсыратындардың тізімі

0
709

​Вирустық инфекцияның белгісі бар адамдар, ауруханаға шұғыл жатқызылатын науқастар, медицина мамандары, әскери міндеттілер мен мемлекеттік шекарадан өтетіндер коронавирусқа тесті тегін тапсырып отырады.


COVID-2019: тесті тегін тапсыратындардың тізімі

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа тегін тест тапсыру тәртібін түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz.

Министрдің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаеваның айтуынша, бас санитар дәрігердің қаулысында клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша коронавирусқа міндетті тест тапсыру шарасы қарастырылған.

"Оған коронавирус инфекциясымен ауыратындар, өткір респираторлық-вирустық инфекция, тұмау мен пневмония белгілері бар науқастар кіреді. Бұл дегеніміз, егер науқаста өткір респираторлық-вирустық инфекцияның белгісі болса, онда ол міндетті түрде тегін тестілеуден өтеді", - деді Ақтаева онлайн брифингте.

Ол коронавирусты жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандар да тест тапсыратынын атап өтті. Сондай-ақ, ауруханаға шұғыл жатқызылатын науқастардан тегін сынама алынады.

"Медициналық-әлеуметтік мекемелерге жатқызылатын адамдар да міндетті түрде тест тапсырады. Бұдан бөлек, медицина мамандары, әскери міндеттілер және мемлекеттік шекарадан өтетіндер бар. Осы адамдардың барлығы коронавирусқа тесті тегін тапсырып отырады, - деп түйіндеді Ақтаева.