Димаш қазақпайшылық жасап кетті – шетелдегі қазақ неге күйінді

0
8 192

Өз орнын босату сияқты далбасалық ешбір америкалықтың ойына да кірмес еді.


Димаш қазақпайшылық жасап кетті – шетелдегі қазақ неге күйінді

ERNUR.KZ. 2016 жылдың желтоқсанында шетелге көшіп кеткен орыс тілді қазақ журналисі Бекжан Ыдырысов қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің өткенде ғана балалармен сайысқа түскісі келмейтінін айтып, Америкадағы The World's Best шоуын аяқтаудан бас тартқанына байланысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады Zakon.kz бұрынғы журналистің парақшасына сілтеме жасап.

"Димаштың істеген тірлігі – натуральный қазақбайшылықтың ең сұмырай түрі. Мәрттік? Тектілік? Қай жерінде? Не үшін? Америкалықтар – соңына дейін барып, бар күшін сарп ететін адамдар. Неге дейсіз бе? Өйткені олар өзгелердің еңбегін бағалай біледі. Олар ең соңында екі мықтының кездескенін күтіп қаншама күшін, уақыты мен жанын салды, ойлап қараңыз. Жүздеген адамдар, продюсерлер, режиссерлер, костюмер, гример, оператор, музыканттар, тағы да көптеген адамның еңбегі бар. Ең соңында бәрі соның қайтарымын күтеді. Өйткені бұл – шоу!

Бірақ оның орнына Димаш беттеріне қазақпайшылықты былш еткізді! Финалдық мәреге дейін барын салған адамдардың әрқайсысының бетіне былш еткізіп бір түкірді Димаш.

Халық ең мықтыларды көргісі келіп еді! Өз орнын босату сияқты далбасалық ешбір америкалықтың ойына да кірмес еді. Димаш, сарапшылар сен үшін күшін, уақытын салды, түсінемісің? Саған, сен үшін! Сен оларға деген алғысың ретінде өз талантыңды көрсетуің керек еді! Бірақ дүйім елдің алдында өзіңнің бекзаттығыңды көрсеткің келді. Осындай мақтампаздықтың өзінде жатыр қазақпайшылық.

Ал енді мұның салдары туралы ойланайық. Америка халқы Димаштың бұл қылығын түсінбеді. Олар негізі соңғы қадам жасаудан бас тартатын адамдарды мүлдем түсінбейді. Меніңше, жақын жылдары АҚШ-тың ешбір тәуір продюсері (!) Димашпен жұмыс істемейді. Одан Димаш кәсіби даму жағынан ұтылады. Қазір Димашта не бар. Ерекше дауыс пен талант бар. Болды. Өзінің бірегей репертуары бар ма? Жоқ. Бірегей концерттік бағдарламасы бар ма? Жоқ. АҚШ-тағы осы шоудан кейін оның бәрі Димашта болар еді, қалай десек те америкалықтар шоу-бизнестің шын шеберлері емес пе.

Димаштың карьерасы жаңа белеске көтерілуі тиіс еді! Қытай продюсерлері соны түсініп, Димашты Лос-Анджелеске әкелді. Енді олардың бар тыраштануын кәдімгі қазақпайшылық жоқ қылды. Әлем алдында бір мақтанып қалу – тағы да орындалды!

Ал енді шындап айтсам, Димашқа бұл қазақы кеңестерді біреу береді: партияға мүше болу, Назарбаевпен қол ұстасып суретке түсу, өзінің заңды жеңісінен бас тарту... Не үшін? Кім үшін?! Димаш, айналайын! Сенің жолың – адамдарды өз талантыңмен қуанту, дауысыңмен, ән шырқауыңмен қуанту! Ол үшін еңбектеніп қана қоймай, нақты мақсат қойып, соған жетуге ұмтылу керек, басқа адамдардың еңбегін бағалауды үйрену керек! Нұротан мен Астана мұны үйретпейді. Жаныңдағы қазақпайшыл кеңесшілеріңді қуып жібер. Дәл сондай кеңесшілердің кесірінен қазақтар әлі күнге дейін өркениеттен алыста тыс жүр. Мен Нью-Йоркте өзімнің әрбір жолаушыма сенің әндеріңді тыңдататынмын. Бірақ сені мені ренжіттің. Басқаша істеші, ұт, жең!", – делінеді экс-қазақстандықтың орыс тілінде жазған постында.