Әлемде коронавирусқа шалдыққан 8,5 млн астам адам бар, індеттен 454,5 мың адам қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Бүкіл әлем пандемияның жаңа қауіпті кезеңіне өтті, вирус әлі де тез таралып, адам өміріне қауіп төндіртіп тұр. Бұл туралы жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирусқа шалдыққан 8,5 млн астам адам бар, індеттен 454,5 мың адам қайтыс болды.
Осы арада, көптеген елдер карантинді біртіндеп әлсіретуде. Израильде көпшілік жиналатын мерекелерді өткізуге рұқсат етілді. Қонақтар саны 250 адамнан аспауы тиіс, оларға маска тағу кеңес берілген.
Британияда бөлшек сауда қайта басталған алғашқы жұмыс аптасында жиһаз сататын және шаруашылық дүкендерінде, сондай-ақ интерьер салондарында сату көлемі бірден 42 пайызға артқан.
ДДСҰ қырағылық танытуға шақырды
Жұма күні Тедрос Гебрейесус карантин шектеулерін алып отырған барлық елдерді сақ болып, карантин алынған соң да әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы «жаңа және қауіпті кезеңге өткен» деп санауда.
«Пандемия қанатын кеңге жайған, бейсенбі күні ДДСҰ Сovid-19 вирусын жұқтырудың 150 мыңнан астам жаңа оқиғасы туралы ақпарат алды, бүгінде бұл – бір күндегі ең үлкен көрсеткіш», - деді ДДСҰ басшысы.
Оның айтуынша, жаңа оқиғалардың жартысынан көбі Америкада тіркелген, Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыста да індет жұқтырған адамдар көп.
Еуропа жаңалықтары
Ирландия карантиннен шығу процесін жылдамдатуды жоспарлап отыр. Елдің премьер-министрі Лео Варадкардың мәлімдеуінше, 29 маусымда шіркеулер, шаштараз салондары, театрлар мен кинотеатрлар, сондай-ақ спорттық залдар ашылады.
Швейцарияда келесі аптадан бастап мың адамға дейін қатысуға болатын көпшілік шараларды өткізуге рұқсат етілетінін мәлімдеді.
Кипр елге кіруге қойылған шектеуді алып тастап отыр. Енді аралға кіруге болатын елдер арасында Франция, Италия және Испания, сондай-ақ көршілес Ливан бар.
Өз кезегінде, Украина елдің карантиннен шығуынан кейін инфекцияның қайта өршуі себебімен бірқатар аймақтарда қайта шектеу енгізуде.
Апта сайын беретін есебінде Италия елінің Денсаулық сақтау жоғарғы институты (ISS) әлемдегі жағдай жалпы алғанда позитивті болғанымен, вирус әлі де белсенді болуда.
Есепте әлемнің бірқатар аймақтарынан Covid-19 жұқтырудың көптеген жаңа оқиғалары туралы айтылған.
Құрамына Рим қаласы кіретін Лацио өңірінде індет жұқтыру саны Италияда коронавирустың бірінші үлкен ошағы болған Ломбардиния көрсеткіштерінен асқан.
Ал Италия астанасында соңғы бірнеше күнде бірден екі ошақ анықталған.
«Осының барлығы сақтық шараларын сақтау қажеттілігін танытуда, себебі елдің бірнеше ауданында вирус әлі де кеңінен тарап жатыр», - делінген ISS есебінде.
Коронавирус тараған елдердің арасында Қытайдан кейін бірінші тұрған Италияда эпидемия салдарынан 34500-ден астам адам құрбан болды.
Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынып, індет жұқтырған адамдардың саны азаюда, ал бір күнде қайтыс болғандар саны бірнеше ондаған адам.
Италия ғалымдары коронавирустың Милан және Туриннің ағынды суларында өткен жылдың желтоқсан айында, яғни Италияда Covid-19 диагнозы қойылғанға дейін әлдеқайда ертерек пайда болғанына сендіруде. Бұл бірқатар елдердегі кейбір мамандардың вирустың әлемде Уханьдағы жаппай жұқтыру басталғанға дейін қанат жайғаны туралы теориясын растап отыр.