Екібастұзда өртке байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

0
658

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетінін хабарланды.


Екібастұзда өртке байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды

ERNUR.KZ. Екібастұзда өрт салдарынан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Екібастұз әкімі Аян Бейсекиннің өкім жобасы НҚА сайтында жарияланған.

"Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі № 2 көппәтерлі тұрғын үйде болған өртке байланысты объектілік масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ануарбек Дюсембаевич Аманов төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын", - делінген бұйрық мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілетінін хабарланды.