Екатеринбург - Алматы" тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылған.
ERNUR.KZ Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар жол жабылды, деп жазады nur.kz
Ведомство мәліметінше, 22 наурыз сағат 10.00-ден бастап "Екатеринбург - Алматы" тасжолының 1291-1426 шақырым аралығындағы учаскесі жабылған.
Бұл - Нұр-Сұлтан мен Теміртау арасындағы трасса. Тас жолдың жабылуына ауа райының қолайсыздығы себеп болып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан-Щучинск және Нұр-Сұлтан-Атбасар тас жолдарының жабылғаны хабарланған.