Маманның айтуынша, «Дельта» штамы өте жұқпалы. Науқас бір уақытта шамамен 12 адамға вирус жұқтыруы мүмкін.
ERNUR.KZ. «Дельта» штамын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасы жақын арада қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Жекенов атындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға дәрігері Абзал Малбасқанов мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар24.
Әзірге қаланың медициналық мекемелерінде ковидпен ауырып жатқан науқастарды емдеуде бұрын бекітілген хаттама қолданылады. Маманның айтуынша, «Дельта» штамы өте жұқпалы. Науқас бір уақытта шамамен 12 адамға вирус жұқтыруы мүмкін. Инкубациялық кезең 4-5 күнге дейін қысқара түскен. Сондықтан дәрігерлер халықты жаппай вакцина алуға шақырады. Өткен тәулікте Алматыда коронавирус инфекциясын 385 адам жұқтырған. Оның қаншасы үндістандық «Дельта» штамы екені белгісіз.
- Үнді штамының өзінің ауру ерекшеліктерін ескере отырып, біз бұл протоколға жаңа қосымшалар енгізуіміз мүмкін. Бұл жағы қарастырылу үстінде. Себебі, бізде қазір үнді штамымен келіп жатқан адамдар бір ай болған жоқ. Бұл жақын арада болған дүние. Қазір қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр ауруханаларда. Бізде ақпарат пен ауырған адамдардың клиникасын өту ерекшеліктерін ескере отырып, осы клиникалық проротоколға толықтырулар жүргізіледі, - дейді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының аға дәрігері Абзал Малбасқанов.