Елімізде ескі несиелер кешірілуі мүмкін

0
504

Мемлекеттен алынған қандай соманы есептен шығаратыны әзірге белгісіз.


Елімізде ескі несиелер кешірілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Елімізде ескі несиелер кешірілуі мүмкін. Қаржы министрлігі осы мәселеге қатысты мән-жайды түсіндірді, деп жазады Azattyq Ruhy.

Қазақстанның Бюджет кодексіне «Үмітсіз берешек» түсінігін енгізіп, ол бойынша кредитордың талаптарын тоқтату ұсынылды. Бірақ «бұл 90-шы жылдардағы өтелмеген қарыздармен байланысты. Елдің несие портфелін мерзімі өткен берешектен тазарту үшін жасалып отыр.

Жобада борышкерлердің құқықтық жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ. Әділет министрлігінің деректер базасында да олар туралы ақпараттың жоқ екені атап көрсетілген.

«Осыған байланысты, қолданыстағы бюджет заңнамасы аясында бар берешектерді өндіріп алу, сондай-ақ оларды есептен шығару бойынша одан әрі жұмыс жүргізу мүмкін емес», – делінген хабарламада.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сенсек, әңгіме халыққа берілген несиелер туралы емес. 90-жылдары тікелей бизнеске берілген бюджеттік кредиттер туралы болып отыр.

«Мемлекеттен алынған қандай соманы есептен шығаратыны әзірге белгісіз. Бір анағы, қарыз алушылар мен растайтын құжаттарды іздеу жалғасып жатыр. Бірақ жыл басында қарыз шамамен 120 миллиард теңге болған. Ал Үкіметтің талаптарын тоқтату заңмен белгіленбеген» - деді ведомствоның баспасөз қызметі.