Елімізде тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды

0
803

Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі.


Елімізде тікұшақ көмегімен 23 есірткі алқабы анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен әуеден 23 есірткі алқабын тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция қызметкерлері «Көкнәр» операциясы барысында 3 айдың ішінде 16,7 тонна есірткі тәркіледі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тікұшақ көмегімен заңсыз «үндістан көкнәрі» өсірілген 23 плантацияны тапты.

«Жыл сайын маусым мен қазан аралығында елімізде «Көкнар» операциясы жүргізіледі. Есірткі сатушыларды ұстау үшін наркоактивті аудандардағы (Жамбыл және Қызылорда облыстары) полицейлерге өзге өңірлерден әріптестері мен техникалық құралдар көмекке келуде. Сондай-ақ, Қызылорда облысында үнді көкнәрі егілген алқаптарды анықтау үшін Ұлттық гвардия және «Сұңқар» арнайы жасақ қызметкерлері әуе техникасының көмегімен қашықта орналасқан жерлер әуеден бақылайды», делінген хабарламада.

Осындай тәсіл оң нәтиже беруде. Жедел алдын алу шаралары басталғалы 16 тонна ескірткі тәркіленді. Оның 8,7 келісі – героин, 4 тоннасы – марихуана, 198 келісі – наша. Ал көкнәр егілген жерлерден 10 тонна есірткі өсімдігінің көзі жойылды.