Елордалық полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

0
853

Қыс мезгілінің басталуымен жеке көлікпен шығу кезінде ауа-райының нашарлауы және қозғалыстағы шектеулер туралы хабарламаларды ескеру қажет.


Елордалық полицейлер жүргізушілерге үндеу жасады

ERNUR.KZ. Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қала жолдарында қызмет атқарады және жол қозғалысы ережелерін бұзушылармен күресуге бағытталған рейдтер жүргізеді. Патрульдік полицейлер ішімдік ішкен жүргізушілерді анықтауға ерекше назар аударады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Жолдарда өте мұқият болуды, ауа-райының әсерін, қар жауған кезінде жолдағы көрінудің төмендеуін, көктайғақ кезінде жол төсемінің ілінісу қасиеттерінің өзгеруін ескеруді ұсынамыз», - деп атап өтті полиция.
Қыс мезгілінің басталуымен жеке көлікпен шығу кезінде ауа-райының нашарлауы және қозғалыстағы шектеулер туралы хабарламаларды ескеру қажет.
Жыл басынан бері елордада 157 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 1240 жүргізуші ұсталды. Бұрын көлік басқару құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйінде көлік жүргізген 59 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасына қатысушылар оқиға болған жерден полицияға хабарламай кетіп қалатын жағдайлар жиі кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, жүргізуші өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнын тастап кеткені үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе көлік құралдарын басқару құқығынан бір жылға айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам дәл осындай әрекеттер жасағаны үшін 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу не 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу көзделген.