Франциядағы белді журналдың кезекті саны Қазақстанға арналды (видео)

0
794

90 мың дана тиражбен шығатын журнал Франция, Швейцария, Бельгия, Люксембург елдерінде таралады.


Франциядағы белді журналдың кезекті саны Қазақстанға арналды  (видео)

ERNUR.KZ. Газет сататын барлық сауда нүктесінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті пайда болды, деп жазады «Хабар 24»

Дәлірек айтқанда, тек халықаралық қатынастар туралы жазатын белді журнал кезекті шығарылымын Қазақстанға арнапты.

Онда Президент Қ.Тоқаевтың Франция ақпарат құралдарына берген алғашқы сұхбаты жарияланған және еліміздің бүгінгі өміріне жан-жақты шолу жасалыпты.

90 мың дана тиражбен шығатын журнал Франция, Швейцария, Бельгия, Люксембург елдерінде таралады.

«Жаңа мемлекет құру мақсатымен елді біріктіруде табысқа жеткен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегіне тиісті баға беру үшін осы нөмірімізді Қазақстанға арнадық. Сондай-ақ, әрине Президент Тоқаевтың басқаруына көңіл бөліп, оның көзқарасы мен елді дамыту жобасымен таныстырмақшы болдық. Сонымен қатар Қазақстанның маңызды ролі туралы жаздық», - дейді L’essentiel des relations internationals журналының баспашысы Лоран Тайеб.