ІІМ Тоқаевтан "сыйлыққа ат мінген" полиция басшысын жұмыстан босатуды сұрады

0
1 649

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Аян Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтады


ІІМ Тоқаевтан

ERNUR.KZ. Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғамбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевты қызметтен босатуды сұрады, деп жазады azattyq.org.

"Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди бастаған комиссия Атырау облысына барып, қоғамда шу туғызған оқиғаны тексерді. Комиссия Дүйсембаевтың қызмет этикасын бұзғанын анықтады", дейді министрліктің агенттігі.

Бұған дейін интернетте Атырау облысы полиция департаменті басшысы Аян Дүйсембаевқа ұқсайтын адамға бір топ жұрт қошеметпен жылқы мінгізіп жатқан видео тараған. Ішкі істер министрлігі бұл видеодағы адам Аян Дүйсембаев екенін айтып, оның үстінен қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев "сыйлыққа жылқы мінген" полиция департаменті басшысын қатаң жазаланатынын айтқан.

6 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Аян Дүйсембаевқа генерал-майор шенін тапсырған.