Жекелей сында ел намысын қорғаған Ильфат 1/8 финалда қытайлық Цзялунь Лимен кездесті.
ERNUR.KZ. Садақ атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин Олимпиада ойындарындағы жарысын аяқтады, деп жазады Vesti.kz.
Жекелей сында ел намысын қорғаған Ильфат 1/8 финалда қытайлық Цзялунь Лимен кездесті. Өкінішке қарай ширек финалға берілетін тартысты айқаста аспан асты елінің өкілі 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Осының алдында Санжар Мұсаев 1/32 финалында турнирден шығып қалса, Денис Ганькин 1/16 финалда жеңіілістің кермек дәмін татты.