Ірі сауда үйлері қайта жұмыс істей бастайды - жаңа бұйрық

0
1 800

Министрлік жаңа бұйрық шығарды.


Ірі сауда үйлері қайта жұмыс істей бастайды - жаңа бұйрық

ERNUR.KZ. Сауда және интеграция мен Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезіңде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Өзгерістерге сәйкес, 2000 шаршы метрден кем емес ірі сауда объектілер (сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттар, сауда үйлер, азық-түлік базарлар) санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеп барлық функцияларды толық орындаумен жұмыс істейді»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар олардың ішінде орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, қалыпты қарапайым режимде жұмыс істейді.

«Азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеліп, санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді. Минимаркеттер, үй жанындағы дүкендер қалыпты режимде санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді»,- делінген жаңа бұйрықта.

Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдарды жұмыс орындарымен және кіріспен қамтамасыз ету маңыздылығына сүйене отырып қабылданып отыр деп, түсіндіреді ведомоство.