Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі бүлінген автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі

0
657

Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды.


Қаңтар оқиғасы: Алматы әкімдігі бүлінген автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі қаңтар айындағы оқиғалар кезінде өртенген және бүлінген автокөлік иелеріне 258 млн теңге төледі, деп жазады Zakon.kz.

"Әкімдікке барлығы 99 өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 258 млн теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы – 33, Әуезов ауданы – 9, Түрксіб ауданы – 12). Қарауда 45 өтінім бар", - дейді Алматы қаласының әкімдігі

Ведомствоның хабарлауынша, өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді. Оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.