Қаржыны шетелге заңсыз шығару бойынша 56 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды – Әлихан Смайылов

0
523

Қазіргі таңда елімізде капиталдың шетке кетуіне жол бермейтін жүйелі шаралар күшейтілген.


Қаржыны шетелге заңсыз шығару бойынша 56 азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды – Әлихан Смайылов

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша комиссия жұмысы туралы айтып берді, деп жазады stan.kz.

Басылым оқырмандарының сұрағына жауап берген премьер-министр 2022 жылдың ақпанында шетке заңсыз шығарылған қаржыны қайтару механизмін жасау үшін комиссия құрылғанын атап өтті.

"Үлкен жұмыс жасалды. Соның ішінде құқық қорғау органдарына жалпы сомасы 453 миллиард теңге болатын 214 материал берілді. 56 азаматқа қатысты қылмыстық істер қозғалды. Бұдан бөлек заң жобасын өзгерту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жаңа кодекске өзгеріс енгізу үшін бірнеше бастамалар заң жобасына қосылды", – деді ол.

Әлихан Смайыловтың сөзінше, қазіргі таңда елімізде капиталдың шетке кетуіне жол бермейтін жүйелі шаралар күшейтілген.

"Маусымда мемлекет басшысының қаулысымен Бас прокурор бастаған ведомствоаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия аясында капиталдың шетке кетуіне қарсы жұмыс жалғасып жатыр. Әрине, бұл бір күнде болатын процесс емес", – деп толықтырды премьер-министр.