Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу кезінде сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы байланысты одан әрі арттыру, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақпен ортадағы өзара қарым-қатынасты нығайту қажеттігін атап өтті.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хасан Руханиді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.