ERNUR.KZ. Қазақстандық компаниялардың атын жамылған жалған сайттар АҚШ-та тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істр министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде салған ақшаңызды бірнеше еселеп қайтаратын жобалардың жарнамалары жылдам тарап жатыр.
Қазақстанның ұлттық компанияларының жоғары табыс әкелетін инвестициялық жобалары туралы ақпарат тарауда. Домендік атауларын тексеру кезінде аталған сайттардың мазмұны бірдей екені және АҚШ-та тіркелгені белгілі болды.
Парақтарын тексеру кезінде ондай сайттардың бір ғана негізгі парақтан тұратыны анықталды. Ол парақта тіркелу үлгісі орналасқан. Артынша бірден сәтті тіркелгеніңізді және жеке аккаунтыңызды ашу керектігін айтатын мәтін шығады. Бұл азаматтардың дербес деректерін жинауға арналған фишинг сайт деп қарауға негіз бар», - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Айтуынша, ҚР Ішкі істер министрлігі аталған ресрустардың иелерін білу үшін АҚШ-тың Әділет министрлігіне тиісті сауал жолдапты.
«Жыл басынан бері жоғары табыс уәде еткен 769 аляқтық фактісі тіркелді. 120 жағдайда алаяқтар түрлі компаниялардың инвестицияларының атын жамылған. Солардың ішінде 22 жағдайда «ҚазМұнайГаздың», 6 жағдайда «Халық банктің» және «Еңбек инвест», «ҚазМинерал», «Forex Freedom»-ның атын жамылу арқылы азаматтарды тартқан. Мұндай ресрустар интернеті бар кез келген жерде ашылуы мүмкін. Оған қарсы тұрудың ең тиімді жолы мониторинг арқылы анықтап, бұғаттап отыру қажет. ІІМ осы бағытта ұдайы жұмыс істеп келеді. Жыл басынан бері 121 ресрус анықталып, қазақстандықтар кіре алмайтындай болуы үшін «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілді», - деді Шұғыла Тұрлыбек.