Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың Германияға сапары жоспарланып отыр

0
844

Алматыда өткен форумда екі ел кәсіпкерлері кездесіп, іскерлік қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін айтты.


Қазақстан президенті Қ.Тоқаевтың Германияға сапары жоспарланып отыр

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық қарым-қатынас дамып келеді. Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда-саттық көрсеткіші айтарлықтай өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде биыл тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 15% ұлғайды. Ал сауда көлемі төрт миллиард еуроға жуықтаған. Алматыда өткен форумда екі ел кәсіпкерлері кездесіп, іскерлік қарым-қатынасты одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін айтты.

- Желтоқсан айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары жоспарланып отыр. Бұл сапар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтатындығына сенімдіміз. Германия тарапы Қазақстанда агросекторды серпінді дамытуға атсалысуға ниетті. Бұл істе неміс өндірісі мен өнеркәсіп компаниясы жақсы серіктес болады деп ойлаймыз, - дейді Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Клиннер.