Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын

0
455

Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.


Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын

ERNUR.KZ. Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, кеше түнде Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ның кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.

Бүгін Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен кездесті.