Тәулігіне 28 мың дам ПТР -тесттен өтеді.
ERNUR.KZ. 3 наурыздан бастап 18 маусымға дейін Қазақстанда 1,2 миллионнан астам адам ПТР-тесттен өтті, деп жазады Stan.kz.
Қазіргі уақытта зертханалық зерттеу қуаттылығы – тәулігіне 28 мың ПТР -тесттен өту көрсеткішіне жеткен. Елімізде коронавирусты анықтайтын тест тапсырушылардың қатары күннен-күнге өсіп келеді.
"Зертхананың саны 56-ға жетті. Оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметте – 25 зертхана болса, жеке медициналық зертханалардың саны – 13, медициналық ұйымдардың зертханаларының саны – 14", - дейді Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева.
Сонымен қатар, Ақтаева тесттердің жеткілікті екенін айтып берді. Оның сөзінше, үкіметтік резерв есебінен қажеттінің барлығы алынуда.
"Қазіргі таңда тест-жүйелерінің қалдығы – 501 мың. Оның ішінде мемлекеттік зертханаларда 300 мыңнан асады. Бұл – 18 күндік қор. Қосымша зертханалардың қуаттылығын тәулігіне 35 мыңға дейін жеткізу көзделген. Ол үшін үкіметтік резерв есебінен тиісті жабдықтар сатылып алынады. 1,2 млн тест-жүйесі сатылып алынады", - дейді Лязат Ақтаева.
Елімізде тәулігіне 7 мың тест өткізіледі, бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш. Бұл еліміздің коронавирусқа қарсы тұра алатынының бір дәлелі дейді ол.
"100 мың тұрғынға өткізілетін тестілер саны бойынша Қазақстан тәулігіне 7 мың тест өткізеді. Бұл Австрия, Канада елдерімен салыстырғанда, 100 мың тұрғынға тәулігіне 6 мың тест, АҚШ-та 100 мың тұрғынға тәулігіне 8 мың тест жасалынады. Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда тестілеу саны бойынша әлемде 34-ші орында", - дейді вице-министр.