Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды.
ERNUR.KZ. Жолдарда ТЖ жою бойынша республикалық штаб құрылды, осындай штабтар өңірлерде де жұмыс істейді, деп жазады ulysmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, блок-бекеттерде 600 бірлік автокөлік жиналды.
Ағымдағы тәулікте құтқару бөлімшелерімен 691 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 137 бала (Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды және Абай), 145 бірлік техника қар құрсауынан шығарылды.
Тұрғындарды эвакуациялау үшін тас жолдардың жабық учаскелерінде 838 уақытша жылыту пункттері дайындалды, сондай-ақ 87 бірлік техника (Вахтовка және Кунг) дайын тұр.
Уақытша жылыту пункттерінде 420 адам, оның 69-ы балалар (Жамбыл облысы, Абай облысы, Ақмола, Қостанай, Павлодар).
Халықты ескерту мақсатында ауа-райының нашарлауы туралы 232 СМС-хабарлама жіберілді, сондай-ақ "Дармен" мобильдік қосымшасы арқылы 71 хабарлама жіберілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1000-ға жуық адам және 600-ге жуық ТЖМ, ЖАО және ІІМ техникасы жұмылдырылды.
Жол қызметтері жолды тазарту жұмыстарын жалғастыруда.