Сыртқы істер министрлігіне қарасты бұл мекемеге «KazAID» атауы берілген.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Қазақстанда кедей елдерге қол ұшын беретін агенттік құрылмақ, деп жазады inbusiness.kz.
Ашық нормативтік құқықтық актілер порталына жарияланған ақпаратқа сүйенсек, аталмыш орталық коммерциялық қызметтен тыс жұмыстарды жүзеге асыратын болады.
Нақты айтқанда, жағдайы мүшкіл өзге елдерге қаржылай, техникалық және басқа қолдау шараларын ұйымдастырады. Ал оның жарғылық капиталы республикалық бюджет есебінен жүргізілмек.
Осылайша, 2017 жылдан бері талқыға түскен жоба келесі айдың ортасында өз жұмысын бастайды.