Қазақстанда шағын несиелер бойынша жоғары пайыз мөлшері төмендейді

0
549

Қазақстанда шағын несиелер бойынша жоғары пайыздың мөлшері өзгереді.


Қазақстанда шағын несиелер бойынша жоғары пайыз мөлшері төмендейді

ERNUR.KZ. Тиісті қаулының жобасы 4 тамызға дейін жалғасатын қоғамдық талқылау үшін мемлекеттік порталға орналастырылған, деп жазады Stan.kz.

"Жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәні берілген микрокредит сомасының 20 (жиырма) пайызы мөлшерінде белгіленсін. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.

Түзету Ұлттық Банктің 2019 жылғы 26 қарашадағы қаулысына енгізіледі. Ол қаулы бойынша қамтамасыз етілмеген микрокредиттер үшін ең жоғары сыйақыны 25%, қамтамасыз етілген микрокредиттер үшін 20% деңгейінде қарастырған.