Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев

0
626

​Нұржан Әлтаевқа жаңа партияның басқарушы органына кіру ұсынылды. Қазіргі уақытта ол Nur Otan партиясының мүшесі.


Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев

ERNUR.KZ. El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағы жаңа саяси партия құрылатынын жариялады. Бұл туралы парламент мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев айтты, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Менің білуімше, олар (El Tiregi – Sputnik) әділет департаментіне тіркеуге өтініш беріп үлгерген", - деп атап өтті Әлтаев.


Толығырақ 27 қарашада "El Tiregi өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының 7 бастамасын ашық талқылау" атты алғашқы халықтық ой-талқының отырысында хабарланады.


"Маған осы бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіру туралы ұсыныс түсті. Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын", - деді Әлтаев.

Сонымен бірге, депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты еске түсірді. Егер ол орындалмаса, Әлтаев одан шығуы мүмкін.


"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда мен бұл партиядан шығуға тура келеді", - деп сөзін түйіндеді ол.


Айта кетейік, 2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

2020 жылдың 5 қарашасында Орталық сайлау комиссиясы 6 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берді, жаңадан құрылған саяси партия 2021 жылғы науқанға қатыса алмайды.

27 қарашада ЖСДП партиясы съезд өткізіп, сайлауға бойкот жариялау туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қазақстанның бес саяси партиясы – Nur Otan, "Ақ жол", "Ауыл" "Адал" (бұрынғы "Бірлік") және Қазақстанның халық партиясы мәжіліс пен мәслихаттардағы орындарға таласады.