Денсаулық сақтау саласын цифрландыру мақсатында 2019 жылы жұмыстың қағазсыз форматына көшуге мүмкіндік беретін медициналық ақпараттық жүйелер енгізіледі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2018 жылы алда тұрған міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа отырысында айтылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ведомство басшысы Елжан Біртанов 2016 жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарды медициналық ақпараттық жүйемен қамту 2 есеге, компьютерлермен қамтамасыз ету 2,4 есеге артқанын тілге тиек етіп:
- Интернет желісіне қолжетімділік 19%-ға артты. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында және 4 ведомствоға бағынысты мекемелерде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау платформасын және электрондық паспорт құру аяқталуда», - деді министр.