"Меніңше, бұл өте қызықты тәжірибе".
ERNUR.KZ. Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына көше ме? Еңбек министрі жауап берді, деп жазады Skifnews.kz.
"Меніңше, бұл өте қызықты тәжірибе. Алайда кешенде түрде жіті қарау қажет. Ел экономикасы мен өндірісіне қалай әсер етпек? Осыған көз жеткізуіміз керек. Дегенмен бұл күн тәртібінде тұрған мәселе емес. Қазақстандағы жұмыс кестесі халықаралық еңбек ұйымының барлық стандарттарына сай келеді", – деп жауап берді Біржан Нұрымбетов.
Министрдің айтуынша, төрт күндік жұмыс аптасын экономикасы мен өндірісі өте жақсы мемлекеттерде енгізу орынды.