Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

0
340

Кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.


Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

ERNUR.KZ. 2021 жылғы 5 тамызда кеден ақпараттық жүйесінде туындаған ақауға байланысты ҚР мамандандырылған ХҚО-ларында жаңа автомобильдерді тіркеу уақытша тоқтатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Есепке қою кезінде авто ХҚО операторлары жаңа көлік құралдарының тіркеуін жүргізе алмай отыр. Атап айтқанда, кеденнің деректер базасындағы ақау салдарынан мемлекеттік орган өтініштерді кері қайтарып жатыр.

«Ақауға байланысты жаңа көлік құралдарын есепке қою қызметі қолжетімсіз. Бұл азаматтардың тікелей автосалондардан сатып алатын жаңа көліктерге қатысты. Жауапты орган ақпараттық жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін азаматтардан кешірім сұраймыз», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев.

Жүйенің қалпына келгені және жаңа автокөліктерді тіркеу қызметінің жандануы туралы клиенттерге қосымша хабарланатын болады.