Қоғамдық маңызы бар бастамалар қоры «30 игі іс» жобасын ұсынды

0
2 616

Ермек Мәжитов меценаттарды, филантроптарды тарта отырып, қайырымдылық аукционы арқылы қызықты жобалар ұсынылатынын алға тартты.


Қоғамдық маңызы бар бастамалар қоры «30 игі іс» жобасын ұсынды

ERNUR.KZ. «Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қоры» жеке қорының директоры Ермек Мәжитов «Қайырымды істер марафонына» арналған іс-шара барысында екі аптадан кейін Қордың бастамасымен «30 игі іс» жобасы басталатынын хабарлады, деп жазады baq.kz.

Бүгінгі таңда «Қайырымды істер марафоны» аясында Мемлекет басшысының Жолдауымен тікелей байланысты екі қызықты жобаны айта аламыз. Бұл – «Қазақстан үшін ағаштар» жобасы. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізді көгалдандыру бойынша үлкен жоба белгіленетінін айтқан болатын. Мемлекет қана емес, азаматтық қоғам, бизнес қауымдастық, халықтың өзі белсенділік танытуы тиіс. Мұндай жобаларға қатысу әр адамның көгалдандырудағы рөлін көрсетеді. Сондықтан, бүгін айтылғанындай, марафон Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында басталады. Марафон аясында екі аптадан кейін «30 игі іс» жобасы басталады, - деп айтты ол.

Ермек Мәжитов меценаттарды, филантроптарды тарта отырып, қайырымдылық аукционы арқылы қызықты жобалар ұсынылатынын алға тартты.

Оның сөзінше, жиналған қаражат мақсатты көмекке жұмсалады.

Шын мәнінде, мұндай қайырымды істер біздің қанымызда бар. Бұл - біздің күнделікті өміріміздің бөлігі. Өткен жылы пандемия кезінде біздің ұлт қалай біріктірілгені есімізде. Біз мемлекеттік қолдаудың, бизнес қоғамдастықтың, азаматтық сектордың рөлін көрдік. Осы игі істерді топтастыру үшін үлкен ұлттық жоба қажет. Біз осы жобаның бір бөлігі болуға дайынбыз және бүкіл қоғамдастықты игі істер жүргізуге бірігуге шақырамыз, - деп атап өтті Мәжитов кездесуде.

Еске сала кетейік, бүгін ҚазМедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен донорлар мен меценаттар кездесуі өтті.