Ең алдымен Smart Astana мобильді қосымшасындағы «Медицина» бөлімінде сауалнаманы толтыруыңыз керек.
ERNUR.KZ. COVID-19 тегін экспресс тестін тапсыруға арналған өтінімді Smart Astana қосымшасында толтыруға болады. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова Telegram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, сіз Smart Astana мобильді қосымшасындағы «Медицина» бөлімінде сауалнаманы толтыруыңыз керек - «COVID-19 тестіне тіркелу». Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары азаматтарды белгілі бір көрсеткіштер бойынша іріктейді», - деп жазды М. Бектұрова.
Осыдан кейінгі үшінші сатыда өтінім расталуын күту керек.
«Төртіншісі – «КДЛ ОЛИМП» операторлары сізге қоңырау шалып, емдеу бөлмесіне бару уақыты, орны мен күнін жоспарлайды. Айтпақшы, сізге бетперде киіп, жеке куәлікпен кіру керек, өйткені кіру тек тағайындалған кезде болады. Бесіншісі - талдау нәтижесі сіз сауалнамада көрсеткен электрондық поштаңызға жіберіледі», - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.