Коронавирусқа ақылы түрде тест жасау тоқтатылды

0
753

Тегін тестілеу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласу керектігі айтылады.


Коронавирусқа ақылы түрде тест жасау тоқтатылды

ERNUR.KZ. «Ұлттық сараптама орталығы» АҚ коронавирусқа ақылы түрде ПТР-тест жасау қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 25 маусымындағы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің №43 қаулысына сәйкес, COVID-19-ға зертханалық сараптама жүргізу бойынша ақылы қызмет уақытша тоқтатылды. Тегін тестілеу сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуыңызды сұраймыз», – деп жазылған Ұлттық сараптама орталығының хабарламасында.

Айта кетейік, Ұлттық орталықта коронавирусқа ақылы ПТР тестілеу жүргізу құны 11 500 теңге болатын. Бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алудың уақытша тоқтайтыны хабарланған еді.